RU

Әлемге әйгілі брендтің иесі ең бай адамдар тізімінде көш бастады

Zara компаниясының негізін қалаушы Амансио Ортега Forbes миллиардерлерінің әлемдік рейтингінде бірінші орынға шықты. Оның қаржысы 85 млрд долларды құрайды деп хабарлайды QazaqTimes.kz.

Ал бұған дейін әлемдік миллиардерлердің көшін бастаған Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс екінші орынға жайғасты.

Оның қаржысы 81 жастағы Ортеганікінен 200 млн долларға кем болған. Өткен шілде айында Ортеганың қаражаты 1,2 млрд долларға көбейген. Ал Билл Гейтс пен үшінші орындағы Джефф Безостың қаражаты керісінше азайған.

Тағы оқыңыздар: Атамбаев қырғыз халқынан кешірім сұрады

Билл Гейтс Forbes тізімінде бұған дейін де бірінші орынды сақтап қала алмаған. Шілде айының соңында бірінші орынға Amazon компаниясының атқарушы директоры Джефф Безос шыққан. Алайда ол бірінші орында тек бір тәулікке жетер жетпес уақыт тұрды.

Қазіргі кезде әлемегі ең бай адамдардың алғашқы бестігіне Ортега, Гейтс және Безостан бөлек инвестор Уоррен Баффетт пен Facebook-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1604069-alemge-aygili-brendtinh-iesi-enh-bay-ada.html