RU

Алматылық бойжеткен тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, екі жас қыз қайтыс болды

Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасында екі жас қыз қайтыс болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Оқиға 29 тамызда Қаратұрық ауылының маңында орын алды. Алматы қаласының 19 жастағы тұрғыны тізгіндген Chevrolet Aveo автокөлігі жол бойында қоршалған бетон қабырғаға соғылған.

Оқиға орнында көліктің жолаушылары: 19 жастағы екі қыз көз жұмды. Жүргізуші қыз жеңіл жарақат алып, ауруханаға барудан бас тартқан.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте мас жүргізуші 10 жасар қызды қағып өлтірді

Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 4-бөлімі 345-бабы бойынша іс қозғалды. Іс облыстық тергеу істерінің басқармасының қарамағына берілді.

Бірқатар сараптамалар белгіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1604115-almatylyq-boyzhetken-tizgindegen-kol.html