Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажал мұнарасы": Таразда кернеулі сымға ілініп қалған оқушы достарының көзінше күйіп кетті (фото)

Опубликовано:

Таразда тағы бір жеткіншек тоққа түсіп, қайтыс болды. Ойнап жүріп бақылау мұнарасына шыққан жасөспірім жоғары кернеулі сымға ілініп қалып, сол сәтте достарының көзінше тірідей күйіп кеткен деп хабарлайды 31 арна.

Сорақысы, қайғылы жағдай жылда қайталанғанмен қараусыз мұнараны алып тастауға ешкім құлықсыз. Осылай деген жұрт бүгін «ажал» мұнарасын алып тастауды талап етіп шу шығарды.

Бұл бақылау мұнарасы теміржол жиегіндегі балалардың ойын алаңы болғалы қашан. Бүгінде «ажал» мұнарасына айналды.

Он бес жастағы Юрий достарымен бірге осында ойнаймын деп келіп ажал құшыпты. Жоғарлы кернеулі сымға тиіп кетіп жүз пайыз күйген денесін құтқарушылар арнайы кранмен әрең жерге түсірген. Тоқ ұрған сәтте жанында болған досы алты метрлік мұнарадан секіріп аман қалыпты. Абырой болғанда бір топ бала әлі шығып үлгермеген екен. Ал бауыр еті баласынан айрылған ана қайғыдан қан жұтып қала берді.

"Менің бар қымбатымды тартып алды. Ең кішкентей құлыным еді-ау. Қарттығымды сонымен бірге өткізем деп едім ғой", - дейді Ю. Мусиенконың анасы Надежда Мусиенко.

Тағы оқыңыздар: Ешкімнен жеңіліп көрмеген Қанат Исламның жекпе-жегіне аз күнде 8000 билет сатылып үлгерді

Қауіпті аймақта тұрғанмен қауіпсіздігі сақталмаған мұнара мұндағы жұрттың басты уайымына айналғалы қашан. Қоршаусыз тұрған шолу бекетіне шығу екінің біріне қолжетімді. Сондықтан да жұрт балаларының өмірі үшін алаңдаулы.

"Бұл баспалдақтың ешкімге қажеті жоқ. Не қоғамға не адамға пайдасы жоқ. Біз көршіміз. Бізде де бала-шаға бар. Ертеңгі күні немерелеріміз осында келіп қырыла берсін ба сонда?", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Рабиға Сүлейменова.

Тұрғындар қайғылы жағдайдан соң тиісті орындарға мұнараны алып тастауды өтініп ақ келеді. Бірақ адам ажалымен аяқталған жағдайға ешкімнің бас ауыртқысы жоқ дейді. Бүгінде сол аймақта бір топ ойын баласы алаңсыз ойнап жүр. Ал жапа шеккен Юрийдің жақындары кінәлілердің жауапқа тартылып, өтемақы өндіруді талап етіп отыр.

"Біз мұнараны алып тастауды талап етеміз. Кінәлілер жауапқа тартылсын. Бұл бір ғана бала емес өлген. Өтемақыны өндіріп берсін", - дейді  әпкесі Рузана Мусиенко.

Тағы оқыңыздар: Жаңа мектепке қабылданбайтынын естіген алматылық бір топ оқушы көз жасын тыя алмады

Бақилық болған Юрийдің тустары Жамбыл станциясы желілік ішкі істер басқармасы істі жылы жауып қоя ма деп күдіктенеді. Өйткені бір аптадан бері не тергеуші, не басшылығы төбе көрсетпеді дейді. Анығы жанына жуытпай отыр дейді. Бүгінде солай болды.

Желілік ішкі істер басқармасынан тілдей жауап алмаған зардап шеккен жақ енді тәртіп сақшыларының үстінен көлік прокуратурасына арыз түсірмек. Ал «ажал» мұнарасы аталып кеткен нысанды не темір жол басшылығы, не электр желілері мекемесі мойнына алмай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1604200-tarazda-kerneuli-symgha-ilinip-qalghan/

pixel