RU
20 жастағы қазақ боксшысы әлем чемпионатының финалына шықты (видео)

20 жастағы қазақ боксшысы әлем чемпионатының финалына шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Гамбургте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әбілхан Аманқұл жартылай финалда әзірбайжандық Камран Шахсуварулын жеңді.

Төрешілер 4:1 есебімен қазақ боксшысын жеңімпаз ретінде таныды.

2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған боксшы Камран Шахсуварулы ширек финалда Жәнібек Әлімханұлын жарыс жолынан шығарған болатын.

Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Ол ширек финалда әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының жеңімпазы кубалық Арлен Лопесті жеңген еді.

Тағы оқыңыздар: Қанат Исламның жекпе-жегіне аз күнде 8000 билет сатылып үлгерді

Айта кетейік, осыған дейін 56 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев финалға шықса, 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан қола жүлдегер атанған-ды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel