RU
Ақтөбе облысында тұратын өзбек әйел азаматтық алу үшін үш миллион сұрады

Ақтөбе облысында тұратын өзбек әйел азаматтық алу үшін үш миллион сұрады

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысындағы Мәртөк ауылында тұрып жатқан этникалық өзбек Манзура Тошмонова Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақстандықтардан үш миллион теңге жинап беруді сұрады. 39 жастағы әйел азаматтық алғанға дейін ақшаны жұмсамауға уәде беріп отыр.

«Өмірімдегі ең қымбатты балаларымның атынан ант етемін! Есепшоттан бірде-бір тиын шешпеймін! Телеарналардан, газеттерден күн сайын, апта сайын ақшадан есеп беріп отыруға дайынмын! Қазақстанда азаматтық алғым келеді. Мәртөктен ешқайда кеткім келмейді!», — деп мәлімдеді ол.

Манзураның айтуынша, соңғы бес жылда күйеуімен және үш баласымен тұрып келген ауылында бәрі де тату-тәтті өмір кешіп жатыр.

«Мұнда бәрі бір-біріне толерантты, ешкім ешкімді өкпелетпейді, көптеген ұлттың өкілдері бейбітшілік пен келісімде тұрмыс кешіп жатыр. Бастысы — балаларыма жағдай жасалған, дәл осы ауылда олардың аллергиясы қозбайды. Балаларымды да мектепте құшақ жая қарсы алды, ешкім де тиіспейді. Бұдан артық не керек?!»

Айтуынша, осы себепті ол күйеуімен Мәскеуді емес, Мәртөкті таңдапты.

Тағы оқыңыздар: Дұға еткенде көз жасын тыя алмаған астаналық имам барша жұртты егілтіп жіберді

«Мен Өзбекстанның Сұрқандария облысынанмын. Мектепті «бестікпен» тәмамдадым, әсіресе орыс тілі мен әдебиетін жақсы көретінмін. Алайда ол жақта өмір сүру қиын болды, сондықтан Ресейге аттандым», — деп еске алады ол.

Мәскеуде ол кез келген жұмысқа да тұра беріпті — ыдыс жуған, аула тазалаған, бала күтуші болған, пәтер жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал бірнеше жылдан кейін Виктор Гавриловпен танысады. Олар тез арада көңіл жарастырып, үйлену тойын өткізіпті.

Отбасы Мәртөкке келген бетте бар жинаған 25 мың долларына он сотық жері бар үй алып, жайғаса бастаған. Жарты жыл өткенде ғана олар Қазақстан азаматтығын алу қиынға соғатынын білген.

«Көші-қон полициясындағылар есепшотта үш миллион теңге болуы керектігін айтты», — дейді әйел.

Тағы оқыңыздар: Василий Левит әлем чемпионатында кубалық боксшыдан жеңіліп қалды

Қазақстанның заңы бойынша ел азаматтығын алғысы келетіндердің есепшотында үш миллион теңге үш ай бойы жатуы керек. Сосын ғана оны шешіп алуға болады.

Алайда Манзураның отбасында мұндай ақша жоқ. Ал күйеуі Ресейге барып, ақша тауып жүр. Оның өзі балаларының қажетіне ғана жетеді екен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel