RU
Жағымсыз иістен арылғандарын айтқан ақтөбелік шенеуніктер «сүйінші» сұрады

Жағымсыз иістен арылғандарын айтқан ақтөбелік шенеуніктер «сүйінші» сұрады

Рассказать Вконтакте

Соңғы 20 шақты күнде Ақтөбе қаласында ауа ластайтын қоспа мөлшері шектен тыс асып көрмеген. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, бас эколог Жақсығали Иманқұлов және тұтынушылар құқығын «қорғаушы» Нұрсұлу Беркімбаева бір ауыздан Ақтөбе ауасының тазарғанын мәлімдеді деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Жақсығали Иманқұловтың айтуынша, көптеген кәсіпорын басшылары экологтардың былтырғы ескертуіне құлақ аспай, «Ақбұлақтың» кәріз жүйесіне зиянды қалдықтарды төге берген.

Соңғы кездері кәсіпкерлердің тәртіпке бағынбай кеткенін Қайрат Бекенов те атап өтті.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбе облысында тұратын өзбек әйел азаматтық алу үшін үш миллион сұрады

«Көптеген кәсіпкер тәртіп сақтауды қойған. Өйткені, тексерістер аз. Ешкім тексермеген ірі кәсіпорындар өз қалдықтарын ортақ кәріз жүйесіне құя берген. Тұрғандардың жазбаша арыздарына сәйкес, тексеріс басталды.

«Неге тексеріп жатырсыздар? Неге айыппұл салып жатырсыздар?» деп наразылық танытқан кәсіпкерлер болды. Біз оларға бұл мәселенің жарты жыл бойы көтеріліп келе жатқанын айттық», — деді Қайрат Бекенов.

Иманқұловтың айтуынша, былтыр және осы жылдың мамыр айында экологтар қаладағы екі ірі спирт зауыттарын тексерген. Алайда, былтырғы заңбұзушылықтар сол қалпында түзелмей тұрған. Осыған орай, кәсіпорындарға айыппұл салынған.

Дегенмен, бұл да жағдайды оңалтқан жоқ.

Тағы оқыңыздар: Жәннаттағы қор қыздары: көп әйел алуды насихаттаған жігіт елді дүрліктірді

Еске сала кетейік, 8 тамыз күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қаланың экологиясын ластап отырған кәсіпорын басшыларын жинап алып, экологиялық ахуалды шешу жолдарын талап етті. Байқап отырғанымыздай, экологтардың нұсқамасынан гөрі, Сапарбаевтың сын-ескертпесі шынайы оң әсер берді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel