RU
Белгілі журналист суға кеткен тұрғынды тікелей эфирде құтқарып қалған

Белгілі журналист суға кеткен тұрғынды тікелей эфирде құтқарып қалған

Рассказать Вконтакте

CNN телеарнасының корреспонденті Дрю Гриффин тікелей эфирде көлікпен суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Тікелей эфирде Гриффин Техастағы дауылдан кейінгі жағдайды баяндап тұрған. Сол уақытта ақ көліктің суға толған шұңқырға түсіп кеткені кадрда көрініп қалады.

Тағы оқыңыздар: Кішкентай жанкүйерін шақырып алып, суретке түскен Месси тәнті етті

Продюсер Брайн Рокуспен жүргізушіге көмектескен тележүргізуші көлік жүргізушісін құтқарып жатып, болып жатқан жағдайды баяндап та үлгеріп отырды.

«911-ге қоңырау шалуға уақыт болмады. Ал мынау шұңқырда ағып бара жатты», – деді көрермендерге Гриффин.

Айта кетейік, «Харви» дауылы Техаста жүріп өтті. Табиғи апат салдарынан 30 адам көз жұмды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel