Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қойларды "жедел жәрдеммен" тасыған атыраулықтар елді шошытты

Опубликовано:

Атырауда қойларды тасыған жедел жәрдем көлігі «103» қызметіне тиесілі емес. Бұл туралы қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнафис Таңбаева мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

«Біздің көліктердің ешқайсысы «Тума» базарына барған жоқ. Келіп түскен қоңыраулар бойынша жолға шықты. Бұған қоса, реанимобильде «103» жазуы жоқ. Ал біздің жедел жәрдем көліктерінің барлығында ол бар. Соған қарағанда, бұл көлік жекеменшік клиникалардың біріне тиесілі. Атырауда олардың саны өте көп», - дейді Танбаева.

Тағы оқыңыздар: Жағымсыз иістен арылғандарын айтқан ақтөбелік шенеуніктер «сүйінші» сұрады

Естеріңізге салып өтсек, кеше, Құрбан айт мейрамының қарсаңында «Тума» мал базарында біреулер бірнеше қойды жедел жәрдем көлігіне тиеген. Бұл жәйт жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1604601-qoylardy-zhedel-zhardemmen-tasyghan-aty/

pixel