Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамалиевтің түрмедегі VIP-жағдайы туралы хабардан соң қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Түрмеде жазасын өтеп жатқан кәсіпкер Қайрат Жамалиев туралы БАҚ беттерінде пайда болған ақпараттан соң Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің лауазымды тұлғалары қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Бас прокуратураның Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдегендей, “Время” газетінде жарияланған мақалада Жамалиевтің айрықша жағдайда ұсталуы жөніндегі уәждер бойынша Алматы облыстық прокуратурасымен ағымдағы жылдың 31 тамызында оның жаза өтеу жағдайына ЛА-155/14 мекемесінде (жалпы режим, Заречный селосы Алматы облысы) тексеру жүргізілген.

"Тексеру барысында Жамалиев карантин бөлімінде шаруашылық меңгерушісінің көмекшісі болып қызмет атқарып, жазасын өтеуде екені анықталды.

Жоғарыда аталған мақалада, сондай-ақ 31 тамыздағы «31» арнасына Гудаускастың берген сұхбатында Жамалиевтің колонияда артықшылықтар пайдаланатындығы, ұялы телефоны бар екендігі және т.б. деректері тергеу амалдарын жүргізуді талап етеді.

Тағы оқыңыздар: Жағымсыз иістен арылғандарын айтқан ақтөбелік шенеуніктер «сүйінші» сұрады

Осыған байланысты, облыстық прокуратурамен ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қылмыстық кодекстің 361 -бабының 2-тармағымен Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің лауазымды тұлғаларымен лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық істің тергеуі тіркелді", - делінген хабарламада.

​Тергеу амалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның облыстық департаментіне тапсырылды. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін БАҚ-та Қайрат Жамалиевке түрмеде VIP-жағдай жасалғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Тағы оқыңыздар: Алматы әуежайында есірткі тасымалдамақ болған азамат ұсталды

Кейінірек Алматы облысының прокуратурасы белгілі кәсіпкер жазасын өтеп жатқан түрмеге тексеріс жүргізді. 

"Сотталушы барақ тәрізді отрядта жазасын өтеуде. Ол жерде сотталушылар жалпыға ортақ тұрмыстық секцияда тұрады", - деді ІІМ өкілі.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1604673-zhamalievtinh-turmedegi-vip-zhaghdayy-tural/

pixel