RU

Аса ауыр салмақтағы қазақ боксшысы әлем чемпионатының финалына шықты (фото)

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев неміс қаласы Гамбургтегі 2017- әлем чемпионатының финалына шықты деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

91 келіден жоғары салмақ категориясында Қоңқабаев төрешілердің бірдей шешімімен камерундық қарсыласы Арсен Фокуді жеңді. Екінші және үшінші раундта қазақстандық қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Екінші нокдаун алдында Қоңқабаевтың өзі қатты соққа алғанымен, қарсыласына төтеп берді.

Тағы оқыңыздар: Түймебаев мерекеге орай балалар үйінде болып, сыйлықтар берді

Еске салсақ, Қонқабаев әлем чемпитонатының «алтын» жүлдесі үшін финалға шыққан үшінші қазақстандық. Оған дейін Қайрат Ералиев ( 56 келіге дейін) және Әбілхан Аманқұл ( 75 келіге дейін) шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1604831-asa-auyr-salmaqtaghy-qazaq-boksshysy-al.html