RU

Жазира Байырбекова бір айда 20 қыз ұзатқанын айтып мақтанды

Жазира Байырбекова қыз ұзату жағынан әншілердің көшін бастап тұр. Ол тамыз айында 20 қызды ұзатқанын айтты деп хабарлайды 31 арнаның «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Соңғы кезде Жазираға сұраныстың артқаны соншалық, бір айда қатарынан жиырма күн тойда жүрген. Бұған тіпті әншінің жары өкпелі көрінеді.

«Расында бір рет қана үйлену той болды. Жанболат соңғы кезде маған ұрсып жүр. Сенің кесіріңнен мүлдем басқа тойға бара алмайтын болдық. Күнде ұзату, күнде ұзату» ,- деп дейді.

Тағы оқыңыздар: Татарстанның бірінші ханымы Ресейдегі ең ауқатты әйел атанды

Әнші соңғы 3-4 жылдағы табысымен сән және көйлектер салонын ашып жүргенін атап өтті.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1604910-zhazira-bayyrbekova-bir-ayda-20-qyz-uzatq.html