RU

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты

Есірткі сатушылардың кесірінен тағдыр тәлкегіне ұшыраған қыздардың адвокаты Андрей Малаховтың шоуында болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстандық жас қыз Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов танымал ресейлік жүргізуші Андрей Малаховтың ток-шоуына қатысты.

"Нигериялық есірткі сатушылардың әрекетінен қаншама адам тағдыр тәлкегіне ұшырып, өмірлері ойран болды. Тақырып қызықтырған соң, қатыстым! А. Тұрлыбай, М. Дапирканың мүддесі үшін. Малахов кімге жұмыс істесе де, өз ісінің нағыз маманы", — деп жазды Нұрмағанбетов Instagram желісіндегі парақшасына.

Тағы оқыңыздар: Татарстанның бірінші ханымы Ресейдегі ең ауқатты әйел атанды

Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ұсталды. Қыздың айтуынша, оны біреулер алдап, арбауына түсірген екен. 2015 жылы маусымда оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Кейінірек апелляциялық инстанция соты бұл үкімді болдырмай тастады. Былтыр қараша айында апелляциялық сот тыңдауы болып, соның нәтижесі бойынша соңғы шешім осы жылдың соңына дейін қабылданады.

Сұңқар Нұрмағанбетов есірткі контрабандасымен айналысты деген айып тағылған тағы бір қыз – ресейлік Мария Дапирканың адвокаты. Қыз 2014 жылы тамызда Вьетнамда қамауға алынған. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы төніп тұр.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605041-qytayda-sottalghan-aqzharqyn-turlybay-3.html