RU

Ақмола облысында аудан әкімі 4 млн теңге пара алу кезінде ұсталды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес органдарының өкілдері жүйелі түрде пара алып келген Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі А.Никишовты ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нақтырақ айтқанда, пара мемлекеттік сатып алуларға арналған конкурстарға мүдделілік таныту бойынша кәсіпкерлерге жасалған «қамқорлық» үшін алынып келген. Аудан әкімінің заңсыз әрекетіне орынбасары А.Серкебаев белсенді түрде көмектесіп келген.

31 тамызда Никишов пен Серкебаев Атбасар қаласының қазандықтары мен жылу магистральдарын жөндеу жұмыстарының құжаттарына қол қою және оған ақша аудару үшін «ИшимСтройИнвест» ЖШС-нің директоры Бапхоевтан 4 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде қолға түсті.

2 қыркүйекте Көкшетау қаласының сотымен Никишов пен Серкебаев тұтқындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605122-aqmola-oblysynda-audan-akimi-4-mln-tenhg.html