RU

Алғашқы алтын: Қайрат Ерәлиев бокстан әлем чемпионы атанды (видео)

Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 56 келі салмақтағы финалдық бәсеке аяқталды. Аталған салмақта ел намысын қорғаған Қайрат Ерәлиев әлем чемпионы атанды деп хабарлайды  NUR.KZ.

Ақтық сында Қайрат Ерәлиев 20 жастағы америкалық Дюк Рэйганды 3:2 есебімен жеңді. Бұл Қайраттың да, аталған әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының да алғашқы алтыны.

Еске сала кетейік, Қайрат Ерәлиев Шымкент бокс мектебінің түлегі. Ол ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың төл шәкірті. Ерәлиев 2013 жылы өткен әлем чемпионатының және Азия біріншілігінің қола жүлдегері.

Бүгін сондай-ақ, 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жомарт Ержан қола жүлдегер атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605129-qayrat-eraliev-bokstan-alem-chempiony.html