RU

"Абу-Даби Плазадағы" жаппай төбелесті шетелдік жұмысшылар бастаған (фото)

Алдын ала дерек бойынша Абу-Дби Плаза кешеніндегі құрылыс нысанындағы шетелдік жұмысшылар полиция қызметкерлерімен төбелескен деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Куәгердің хабарлауынша, шетелдік жұмысшылар Айт мерекесінде ішіп алып, төбелескен. Оның айтуынша, олар күзетшінің қолын сындырған.

Астана қалалық ІІД мен ІІМ әлі де бұл жайтқа қатысты пікір білдірмеді.

Ал агенттікке дереккөзжің хабарлауынша, төбелес күзетші мен Үндістаннан келген жұмысшылардың арасында орын алған. Алдын ала дерек бойынша жаппай төбелеске 600-700 адам қатысқан. Олар полиция қызметкерлеріне тас лақтырып, қарсыласқан. 

Дереккөз ұсынған ақпарат бойынша, қазіргі таңда оқиға орнында ІІМ қызметкерлері жұмыс жасауда. Полиция аймақты қоршауға алып, оқиға орнында шұғыл ықпал ету қызметтері бақылауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605152-abu-dabi-plazadaghy-zhappay-tobelesti-sh.html