RU

Астанадағы дүрбелеңге қатысты министр Абаев пікір білдірді

Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінде орын алған жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Казахстан агентігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Күзет агенттігі мен  "Абу-Даби Плаза" кешеніндегі шетелдік жұмысшылар арасында қақтығыс орын алған. Қазіргі таңда төбелес толықтай ауыздықталды", - деді Абаев.

"Астана тұрғындарын алауыздық тудыру мен ойланбай жасалған әрекеттерден сақтандырғымыз келеді", - деді министр.

Еске салсақ, Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінде жаппай төбелес орын алды. Полиция қызметкерлері сол жағалаудағы екі көшені қоршауға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605159-astanadaghy-durbelenhge-qatysty-abaev.html