RU

Жойқын соққысымен танылған қазақ боксшысы финалда ұтылып қалды

Гамбургте бокстан өткен әлем чемпионатында қазақ боксшысы Әбілхан Аманқұл күміс жүлдегер атанды. 75 келі салмақта сынға түскен ол финалда украиналық боксшыдан жеңіліп қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Финалдық кездесуде қазылар бірауыздан жеңісті украиналық Олександр Хижняктың еншісіне жазды. Осылайша, кубалық Олимпиада чемпионынан басып түсіп,  жанкүйерлерді таңғалдырған  Әбілхан Аманқұл 20 жасында әлемдік сынның күмісін еншіледі.

Тағы оқыңыздар: Алғашқы алтын: Қайрат Ерәлиев бокстан әлем чемпионы атанды (видео)

Осыған дейін 56 келідегі Қайрат Ерәлиев әлем чемпионы атанған болатын.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605176-zhoyqyn-soqqysymen-tanylghan-qazaq-bok.html