RU

"Қайырымды жандар" жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларды қуантып тастады (фото)

Қыркүйек - балалардың алтын ұя мектебімен сағына қауышатын шағы. Әр оқушының мектепке жап-жаңа киім, сөмкемен барғысы келетіні рас. Балапандарын қатарынан кем етпеуді міндет деп санайтын ата-аналарға қазіргі қымбатшылық заманда оларды мектепке әзірлеу оңайға соқпай отыр. Әсіресе жағдайы төмен көпбалалы отбасылар үшін балаларын оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз ету мұңға айналған.

Алматыдағы «Қайырымды жандар» еріктілер тобының хат қоржынына жаздың соңғы күндері осы мағыналас өтініштер көп түсетіні белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қайырымды жандар» биыл Алматыдағы 20-дан астам жағдайы төмен отбасыдан шыққан баланы мектепке әзірлеп үлгерді.

Тағы оқыңыздар: ІІМ: Астанадағы дүрбелең шетелдіктердің күзетшіні соққыға жығуынан басталған

«Өте көп өтініш келді. Алайда олардың біразы тегін дүние таратып жатыр деп ойлағандар екен. Ащы болса да, шындық. Тек жіті тексеруден өтіп, шын қиналған отбасынан шыққан балалар таңдалып алынды», - дейді топ мүшесі Мәулен Алғазы.

Айтуынша, еріктілер тобы тізімдегі балаларға мектеп формасын алып беру мәселесін оп-оңай шешкен.

«Топ белсенділері оның әр мүшесіне 2000 теңгеден жинауды тапсырып, бірнеше командаға бөлінді. Әр команда бір оқушыға форма әперуіміз керек. Және ақшасын төлеп қойып жата бермейміз. Өзіміз жинап, баланы базарға ертіп барып, бастан аяқ киіндіреміз. Осылайша командалар жақсылық жасап жарысты. Балақайлардың мектепке бара алмай қалам ба деген уайымын сейілтіп, оларға шын қуаныш сыйлайтын батырлар сайысы дер едім мен мұны», - дейді топ жетекшісі Торғын Асан.

Тағы оқыңыздар: Жойқын соққысымен танылған қазақ боксшысы финалда ұтылып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605274-qayyrymdy-zhandar-zhaghdayy-tomen-otbas.html