Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесіндегі тағдыры қазан айында шешілмек

Опубликовано:

Қытайда есірткі саудасына қатысты күдікке ілінген қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты үкім қазан айында шығарылады. Бұл туралы Қытайдағы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында бойжеткеннің адвокаты, «Rainmaker» заң компаниясының өкілі Сяо Чжаньдэ айтып берді.

«30 тамыз күні таңертең Гуанчжоуда мен Ақжарқынмен кездестім. Біз ісіміздің алдағы барысын талқыладық. Мен оған қорытынды шешім екі айдың ішінде, бәлкім, биылғы жылдың қазан айында шығуы мүмкін екенін айттым. Бұл жаңалықты судьямен әңгімелескен кезде білдім», - дейді ол.

Адвокаттың сөзіне сәйкес, бойжеткеннің денсаулығы жақсы әрі психологиялық тұрғыда дайын отырған көрінеді.

Тағы оқыңыздар: "Қайырымды жандар" жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларды қуантып тастады (фото)

«Оның жағдайы жақсы. Түрмедегі әкімшілік пен қызметкерлер оған ерекше назар аударады. Ақжарқынмен бірге отырған 19 адам бар. Бойжеткен уақытын текке өткізбей, қытай тілін меңгеріп келеді. Ақырындап, қытай тіліндегі кітаптарды оқып жатыр», - дейді Сяо Чжаньдэ.

Адвокат сондай-ақ, соттың оң шешім шығарып қаларына үміттендіріп отыр.

«Әу бастан-ақ бойжеткеннің кінәсіз екеніне сенімдімін. Сот шешімі әділ болады деп үміттенемін», - дейді заңгер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1605312-aqzharqyn-turlybaygha-qatysty-sot-ukim/

pixel