RU

Имам: Алланың алдында бай мен кедей бірдей

Қажылық сапарға аттанғандар Мина жазығында соңғы түнін өткізді. Олар бүгін соңғы рет Жамарат көпіріне тас лақтырады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қасиетті жерде мұсылмандарға рухани күш беру үшін уағыздар айтылып жатыр. Дін қызметкерлері қажылардан байға да, жарлыға да тірі адамның кебінін (ихрам) кигізіп, тең дәрежеде алдына әкелген құдайға құлшылықты көбірек жасауды, үнемі дұғада болуды сұрауда.

Тағы оқыңыздар: Барша мұсылманға рухани күш беретін Мекке мен Мəдина кереметтері

«Құдай үшін сенің министр болғаның, әкім болғаның керек емес. Костюмдерің мен есепшоттағы ақшаларың сіздерге көмектеспейді. Үстіңде тігісі жоқ екі шүберек бар. Сен ешкім емессің. Құдай бәрімізді тең жаратты. Тең екенімізді көрсету үшін осында әкелді. Аллаға жасалған құлшылықтан артық ештеңе жоқ. Тəубеге келіп, көбірек дұға жасау керек», - дейді қажыларға гид қызметін көрсетіп жүрген имам.

Дін қызметкерлері Меккеде жүрген қажыларға демалыста емес, құлшылықта жүргенін жиі еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605411-qazaqstandyq-imam-qazhylyqqa-barghan-sh.html