RU

Алматыда 11 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

 Алматыда бір аумақта үлкен кептеліс тудырған үш жол апаты орын алып, барлығы 11 көлік қақтығысты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үш бірдей жол апаты Сайын көшесіндегі Шаляпин көпірінің астында үшінші қыркүйек күні болған.

Қозғалыс кезінде Volkswagen шағын автобусының дөңгелегі босап кетіп, жүргізуші жағдайды орнықтыру мақсатында тоқтаған.

Тағы оқыңыздар: Имам: Шенеуніктер Алланың алдында ешкім емес

Бұл уақытта осы бағытта Chevrolet және Daewoo Matiz автокөліктері қозғалып келе жатып, бұзылып тұрған микроавтобусқа жақындаған сәтте, олардың арасынан Mitsubishi Galant көлігі өтіп кетуге тырысады.

Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Galant жүргізушісі апаттық жағдайға қарамастан, ақылға қонымсыз әрекет жасап, жол-көлік апатын тудырған.

Нәтижесінде екі қыз — Daewoo Matiz көлігінің жүргізушісі және оның жолаушысы зардап шегіп, оқиға орнынан ауруханаға жөнелтілді.

Осындай үш дүркін апаттың салдарынан Сайын көшесінің бойында үлкен кептеліс орын алды.

Бұл көше үлкен жылдамдықпен өтуге арналған, соның салдарынан көліктердің біразы тоқтап үлгермей жатты. Бірнеше минуттан кейін келесі жол апаты болды.

Mercedes көлігін жүргізген бикеш, тоқтап үлгермей, алдымен Toyota Carina, одан соң Lexus ES300 көліктерімен соқтығысты.

Шамалы уақыттан соң, тағы бір жол апаты болды. LADA Granta жүргізушісі жоғарыда айтылған Mercedes көлігінің жүргізушісі тәрізді апат салдарынан төрт автокөлікті — Е-санатты Mercedes-Benz, Toyota Camry және Nissan Primera соқты.

Тағы оқыңыздар: Головкин егіз бауыры Максим туралы шындықты жайып салды

Жаппай жол апатының нәтижесінде 11 автокөлік зақымдалды.

Фото: ru.sputniknews.kz

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 11 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды (фото)
Mailfire view pixel