RU

Қазнеттегі ең танымал ана тағы бір атаққа қол жеткізді (фото)

Instagram желісіндегі танымал астаналық блогер Камилия Конопьянова "Ғалам аруы -2017" байқауында Mrs Popularity Universe 2017 атағын жеңіп алды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Байқау ОАР-дағы Дурбане қаласында өткен. Қазнеттегі ең танымал ана  Mrs Popularity Universe 2017, атағын жеңіп алып, топ-25 арудың қатарына енген.

"Енді мен Mrs Popularity Universe 2017-мін. Көп жылдық еңбегімнің  арқасында осы атақты алғаным үшін бақыттымын. Мен Қазнеттегі ең танымал ана ғана емес байқаудың қорытындысы бойынша, әлемдегі ең танымал жанның бірі болдым", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: "Әбу-Даби Плазадағы" қақтығысқа қатысты күдіктілер анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605691-qaznettegi-enh-tanymal-ana-ghalam-aruy-2017.html