RU

23 жыл бойы халық алдына шыға алмаған әнші Каримовтың өлімінен соң сахнаға қайта оралды

Өзбекстанның халық әртісі Шерали Жураев 28 тамызда "Шарк Тароналари" халықаралық фестивалінің ашылу салтанатында ән айтты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Фестивальді ұйымдастырушылардың бірінің айтуынша, Жураевқа бұл шараға қатысуға 1997 жылы тыйым салынған. Бұл тыйым 20 жылдан астам уақыт бойы сақталып келді.

Тағы оқыңыздар: "Әбу-Даби Плазадағы" қақтығысқа қатысты күдіктілер анықталды

1993 жылы телевизия мен радиоға шығуына тыйым салынған Жураев Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің өлімінен соң үлкен сахнаға қайта оралды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев XI Халықаралық музыка фестивалінің ашылу салтанатына қатысты. Оған әлемнің 58 елінен әншілер мен сазгерлер қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605811-23-zhyl-boyy-khalyq-aldyna-shygha-almaghan-ar.html