RU

Шымкентте төсекке таңылған бес баланың анасы көпшіліктен көмек сұрап, жанайқайын жеткізді (фото)

Шымкент қаласы Төлеби ауданы Шахта-Тоғыс ауылында тұратын 49 жастағы  Равшаной Сапаеваның бел омыртқасын зақымдап қимылсыз жатқанына төрт жыл болған. Бес баланың анасы қазір қайырымды жандардың көмегіне зәру деп хабарлайды "ТВК" арнасы.

Отағасының тапқан- таянғаны дәрі-дәрмектен артылмағандықтан, мектеп жасындағы қыздары жаңа оқу жылына дайын емес. Амалы таусылған жанұя жанашыр жандарға алақан жаюға мәжбүр.

Тағы оқыңыздар: Иесінен қалмай суретке жымиып түскен жылқы желіде жұлдыз болды (фото)

Жанұяға қайырымды жандар бірде азық-түлік, бірде киім-кешек алып беріп, қолдарынан келгенше көмектесуде. Жақында ғана отбасына мектепке қажет құрал-жабдықтар әкеліп берген қолы ашық азаматтар отбасындағы кішкентай балаларды қуанышқа бөледі.

Тағы оқыңыздар: Итке тұрмысқа шыққан 18 жастағы бойжеткен тойын дүркіретіп өткізді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605886-shymkentte-tosekke-tanhylghan-bes-balan.html