RU

Қазақстандықтар Instagram, Facebook, WhatsApp пен YouTube желісіне кіре алмағанына күйінді

Үшінші қыркүйек күні кешкісін қазақстандықтар WhatsApp, YouTube, Facebook пен Instagram желілеріне кіре алмағанын айтып, шағым түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгінде желілерде ешқандай ақау жоқ. Ақпарат және коммуникация министрлігі бұл жайтқа қатысты әзірге түсініктеме бермеді.

Еске салсақ, 31 тамыз күні кешкі уақытта қолданушылар WhatsApp желісіндегі ақауларға шағымдана бастаған. Twitter парақшаларында #WhatsAppDown атты хэштег құрылып, онда көпшілік желінің байланысы істен шығып тұрғанын жарыса жазды.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте төсекке таңылған бес баланың анасы көпшіліктен көмек сұрап, жанайқайын жеткізді (фото)

WhatsApp желісіндегі ақаулар туралы әлемнің түкпір-түкпірінен шағымдар келіп түскен. Кейбірі желіге кіре алмаса, енді бірі хабарлама жібере алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605913-qazaqstandyqtar-instagram-facebook-whatsapp-pen-youtube-zhelisine.html