RU

Танымал үнді актерінің қоқыстан тауып алған қызы көркімен талайды тамсандыруда

Танымал үнді актері Митхун Чакраборти асырап алған қыз бүгінде көркінен көз сүрінер аруға айналған. Бойжеткенді актер қоқыс жәшігінен тауып алған болатын. Бұл туралы NUR.KZ порталы videoboom.cc сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Митхуннің бүгінде үш ұлы мен бір қызы бар. Алайда Дишани есімді қызын Митхун сәби кезінде асырап алған. Дишаниді туған ата-анасы қоқыс жәшігіне лақтырып кеткенде, оны актердің өзі тауып алыпты.

Содан бері журналистер Дишаниді "бағы жанған қыз" атап кетті. Қоқыс жәшігінен табылған қыз актердің үйінде бой жетіп, Үндістанның ең әдемі аруларының біріне айналды.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас інісінің тойында елден жасырған әйелімен бірге бидің түбін түсірді (видео)

Митхун қызы десе ішкен асын жерге қояды. Дишаниді ағалары да аялап, қорған болып жүр. Болашақта Динаши әкесінің жолын қуып, танымал актриса атанбақ.

Бойжеткен өзінің қоқыс жәшігінен табылғанын біледі және бүгінде Митхундай әкесі барына алғыс айтуда.

Тағы оқыңыздар: Тоқаев әлемді дүр сілкіндірген Мьянмадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1605976-tanymal-undi-akteri-qoqys-zhashiginen-t.html