RU

Жыныстық қатынас кезінде адамның неліктен өліп кететіні анықталды

Жорж Помпиду атындағы еуропалық госпитальдің ғалымдары жыныстық қатынас кезіндегі өлімнің басты себебін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

3028 науқастың деректерін зерттей келе ғалымдар жыныстық қатынас кезіндегі өлімге жүректің тоқтауы себеп болатынын анықтады. Жыныстық қатынас кезінде жүрек талмасына ұшырайтындардың сегізден бірі ғана аман қалады екен.

Себебі, ғалымдардың пікірінше, ер азаматтар бұл сәтте көмек сұрап, жедел жәрдем шақыруға ұялатын көрінеді. Нәтижесінде ауруын жасырмақ болғандардың дені сол сәтте-ақ тіл тартпай кетіп жатады.

Тағы оқыңыздар: Ердоған "қанішер" деп ұрандатқан қыз жалаңаш күйінде алаңға жүгіріп шықты 

British Heart Foundation ұйымы инфаркттан аман қалғандарға жыныстық қатынасқа тек екі аптадан кейін түсуге кеңес береді. Одан бөлек қатты тойып тамақ жеуге және ішімдік ішуге болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606115-nege-adamdar-zhynystyq-qatynas-kezind.html