RU

Туған анасының жүрегін жеп қойған ер адам әлемді дүр сілкіндірді (фото)

Ескерту: Жүйкесі жұқа адамдарға бұл материалды оқуға кеңес бермейміз (+18)!

Үндістанда туған анасының жүрегін жұлып, жеп қойған ер адам әлем жұртшылығын шошытты. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрақты жұмысы жоқ Сутил Кучакурни анасынан ішімдікке ақша сұрап келеді. Алайда анасы 35 жастағы ұлына енді соқыр тиын бермейтінін айтқанда, ұлы оған пышақ ала жүгірген.

Қатыгез азамат туған анасын пышақтап, жүрегін жұлып, оны қара бұрышпен бірге қайнатып жеп қойған.

"Сутил осы уақытқа дейін анасының зейнетақысына өмір сүріп келген. Анасының ақшасын ұрлайтын ішкілікке салғынған азамат еді. Ал үш баласы мен әйелі Сутилден Мумбайға қашып кеткен", - дейді бас инспектор  Санджай Мор.

Тағы оқыңыздар: Министр "Абу-Даби Плазадағы" қақтығыс кезінде зардап шеккендердің жағдайын айтты

Бұл жантүршігерлік жағдай Колхапур қаласында болған. Көршілері қолы қан-жоса болған Сутилді байқап қалып, бірден полиция шақыртады. Нәтижесінде ер адам сол күні-ақ қамауға алынды.

"Зейнеткердің өзге де ағзалары мүжілген күйі оның мәйітінің қасында жатты. Сутил оларды жемек болған деген күдіктеміз. Сараптама бәрін анықтайтын болады", - дейді полицей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606185-tughan-anasynynh-zhuregin-zhulyp-zhep-qoygh.html