RU

Назарбаев: Досаев нағыз ер азамат секілді әрекет етті

Бүгінде парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдің жаңа орынбасарларын тағайындауға қатысты пікір білдірді. Ол Досаевтың нағыз ер азамат секілді әрекет еткенін алға тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Модернизация сағатында уақыт жылдармен емес минутпен есептеледі. Қазақстан міндетті түрде барлық бағыттарда үлгеруі тиіс. Сол үшін үкмет позициясы бекітіліп, екі орынбасар тағайындалды. "Санды Қазақстанға" өту үлкен маңызға ие. Мұнымен жеке адам айналысып, күнде бізге есеп беруі тиіс. Үкімет атынан бұл қыметке мен Асқар Жұмағалиевті тағайындадым", - дейді президент.

Назарбаев қызметінен өз еркімен кеткен Ерболат Досаевты нағыз ер азамат деп атады.

Тағы оқыңыздар: Есімов ЭКСПО-дан кейін жұмыссыз қалмайтын болды

"Макроэкономикалық жеке экономиканы нығайту Ерболат Досаевқа тапсырылды. Сіздер бұл адамды танисыздар. Бір кездері ол нағыз ер азамат секілді әрекет етті. Ол өз еркімен қызметінен кетті, алайда бұл оның кінәсі емес.

Оның білімі мен тәжірибелік жұмысы еліміздің экономика, қаржы, макроэкономика саласын және бюджетіміздің жартысын қамтитын әлеуметтік блокты өз қолында менеджер ретінде ұстай алуына мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Бұл өзін ақтайды деген пікірдемін", - дейді Назарбаев.

Еске салсақ, 2016 жылдың мамырында Ерболат Досаев ұлттық экономика министрі қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606234-nazarbaev-dosaev-naghyz-er-azamat-seki.html