RU

Тереңдігі 50 метр шұңқырға құлап кеткен сәби қалай аман қалды? (фото)

Қытайдың Шэньси өлкесіндегі Сиань қаласында ата-әжесімен серуендеп жүрген бір жарым жастағы сәби тереңдігі 50 метр шұңқырға құлап кеткен деп хабарлайды Лайф-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бала құлағаннан кейін жер шұңқырды жартылай басып қалып, ауа тек үш сантиметрлік тесіктен сәбиге жетіп тұрған.

Ал оны құтқару үшін 10 экскаватор тоғыз сағаттан астам уақыт жұмыс істеген.

Тағы оқыңыздар: Есімов ЭКСПО-дан кейін жұмыссыз қалмайтын болды

10 сағат бойы сәби ұйықтап қалмау үшін ата-анасы үнемі баласының атын атап, шақырып отырған. Осы уақыт аралығында үлкен шұңқыр қазылып, нәтижесінде балақай аман қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606318-terenhdigi-50-metr-shunhqyrgha-qulap-ketken.html