RU

Алматылық әйел сегіз жасар қызын зорлаған азғынды үйін жөндеп берген соң кешіре салды

Алматы облысы Жансүгіров ауылының тұрғыны туған қызын зорлаған азаматты үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп беремін дегені үшін кешіре салып, үстінен шағым түсіруден бас тартты. Бұл туралы Қайрат Әбдірахман Facebook желісінің "Талдыкорганец" парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"28 тамызға қараған түні Жансүгіров ауылында сегіз жасар қыз аяусыз зорланды. Екінші сынып оқушысы жағдайы төмен отбасында тұрады. Анасы кезекті рет ішімдік үшін дүкенге кеткенде, онымен бірге тұратын 24 жастағы азамат сегіз жасар қызын зорлап тастады. Қыздың айқайына көршілер жетіп келіп, зорлаушыны құрықтады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанымен, анасының өтінішімен күдікті бостандыққа жіберілді.

Тағы оқыңыздар: Ертеңнен бастап аптап ыстықтың беті қайтады

Анасы үйін жөндеп беремін деген зорлаушының сөзіне сеніп, шағымын кері қайтарыпты. Ал баланың жағдайы қалай болмақ? Біздің ауылдың барлық тұрғындары ашулы. Баланың құқын қорғауды сұраймыз", - дейді Мадина Ибрагимова есімімен тіркелген қолданушы.

Алматы облысының ІІД-і зорлану фактісін растап отыр деп жазады "NewTimes.kz".

"Факті бойынша тергеу жүргізілуде. 1993 жылғы күдікті қамауға алынған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді бапасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606355-almaty-oblysynynh-turghyny-8-zhasar-qyzyn.html