RU

Қандықол қылмыскер намаз оқып жатқан азаматты мешітте пышақтап кетті

Бакуде жантүршігерлік қылмыс болды. Белгісіз ер адам намаз оқып жатқан азаматты мешітте пышақтап кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

21 жастағы Кямран Ахмед оғлы Мамедов Бюльбюль ауылындағы мешітке намаз оқуға келеді. Алайда күтпеген жерден оған белгісіз ер адам тап беріп, пышақ жарақатын салған.

Тағы оқыңыздар: Елордадағы дүрбелең кезінде Исекешовтің өзі ашулы жігіттерді сабырға шақырған

Зардап шегуші емхананың жансақтау бөліміне түсті. Кейін қылмыс жасаған Фаиг Махмудовтың писхикалық науқас адам екені анықталған. Бүгінде ол қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606487-qandyqol-qylmysker-namaz-oqyp-zhatqan.html