RU

Сатқындардың саусағын шауып тастайтын қатыгез мафия туралы не білеміз?

Жапон мафиясы - әлемдегі ең "гүлденген" мафия. Якудзаның жалпы саны 80-110 адамды құрайды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Якудзалардың ішіндегі ең ірі топ - Ямагути-гуми. Аталмыш топ әлемдегі ең бай қылмыстық топ саналады. 2015 жылы оның табысы 80 млрд доллардан асып жығылған.

Якудзалардың түптамыры құмар ойындарды ұнататын кішігірім саудагерлерден тараған. "Якудза" сөзі карта ойынындағы ең сәтсіз комбинацияны білдіреді. Мафияға қатысы барларға қоғам осындай жағымсыз атау қойған.

Тағы оқыңыздар: Қандықол қылмыскер намаз оқып жатқан азаматты мешітте пышақтап кетті

Якудзалардың бір ерекшелігі - денесіне тату салдыруға әуес болатынында. Екінші ерекшелігі - өз тобына сатқындық жасаған мафиозидің әдетте саусағын шауып тастайды. Әр олқылығы үшін якудза бір саусағынан айырылып отырған.

Ең сорақысы -  кінәлі деп табылған якудза саусағын өзі кесуі тиіс. Жапонияда якудзалардың 20 тобы бар. Олар жезөкшелік, құмар ойындар, есірткі, қару-жарақ саудасы мен контрабанданы өз бақылауына алған.

Тағы оқыңыздар: Мемлекет басшысы: Жаңа жүйеге көшсек көшейiк, бiрақ қателеспейiк

Билік мафиямен күресте қалыс қалып жатқаны соншалық, әр якудза тобының штаб-пәтері Жапония ұлттық полиция агенттігінің сайтында еркін жарияланып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606507-alemdegi-enh-bay-mafiya-atanghan-yakudzal.html