RU

"Иванушки" тобының әншісі Ақтөбедегі "элиталы" қонақүйді сынап тастады (видео)

Танымал ресейлік "Иванушки" тобының әншісі Андрей Аполлонов гастрольдік сапармен Ақтөбеге келіп, ондағы қымбат қонақүйлердің бірінде еш жағдай жасалмағанын айтып, наразылығын білдірді. Ол тіпті арнайы видео түсіріп, оқырмандарына жолдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Андрейдің айтуынша, сырт көзге өте әдемі етіп безендірілген бөлмеде телефон да, теледидар да істемейді. Ал әкімші қыз оған өзінің ұялы телефонын әкеп берген.

Тағы оқыңыздар: Көшедегі халықты сабырға шақырған Исекешов желіде жұлдыз болды (видео)

Осылайша, тіпті тоңазытқышты да қоса алмаған ол видео арнап, өзінің Ақтөбедегі ең мықты қонақүйде жатқанын айтып өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606552-ivanushki-tobynynh-anshisi-aqtobedegi-e.html