RU

Мұсылман қыздардың көзінше шошқа етін тамсана жеген азамат жазаға тартылды

Стокгольмде мұсылман қыздардың алдында шошқа етін жеген 53 жастағы азаматты сот кінәлі деп тауып, айыппұл салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2015 жылдың сәуірінде жергілікті электричкада болғанымен, ер адамды сот бүгінде жазаға тартуда.

Белгілі болғандай азамат үш мұсылман қызға қарама-қарсы отырып алып, қақталған шошқа етін тамсана жеуге кіріскен. Хиджаб киген қыздар басқа орынға отырғаны сол еді, әлгі азамат та орын ауыстырып, қастарынан шықпай қойған.

Тағы оқыңыздар: "Иванушки" тобының әншісі Ақтөбедегі "элиталы" қонақүйді сынап тастады (видео)

Ер адам діни көзқарастағы адамға жәбір көрсету бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушы мұсылман қыздарға жәбір көрсету ойында болмағанын алға тартқан. Ол мұсылман қыздардың қасына қайта олардан кешірім сұрау үшін барғанын айтып, кінәсіз екеніне сендіруге тырысты.

Алайда электричкадағы бейнебақылау камерасы ер адамның мұсылман қыздарға қасақана жәбір көрсеткенін анық байқатқан. Ақыры ер адам 1130 доллар көлемінде әр қызға өтемақы төлейтін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606580-musylman-qyzdardynh-kozinshe-shoshqa-eti.html