RU

Назарбаев қазіргі замандағы әлемдік соғыстар қалай жүріп жатқанын айтты

Бүгiн Парламент палаталарының бiрлескен отырысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сенімді кибер қалқаны болу қажет екенін айтты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Соңғы кезде цифрландыру, елдің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері өзекті болып отыр. Сондықтан да Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Үкіметке бұл бағыттағы шаралармен айналысу керек. Бұл мәселе мемлекет қауіпсіздігі үшін қауіпті іске айналуда, жалпы мұндай жағдай өзге елдерде де байқалуда. Алпауыт мемлекеттер оның зардабын көріп те отыр.

Ұлт жоспарында ақпараттық қоғамды дамыту бойынша нақты мақсаттар қойылған, заң жобасы қаралып жатыр. Алайда бұл мәселенің басқа да тұстары бар. Тек соңғы үш жылда интернетте құқыққа қайшы контент көлемі 40 есеге өсті. Ендеше, бізге Қазақстанның сенімді кибер қалқаны қажет. Біз оны құру қадамдарын кейінге қалдыра алмаймыз. Осы орайда еліміздің мүддесін, мәдениетін, құндылықтарын қорғауымыз керек», - деді президент Парламентінің үшінші сессиясын ашу кезінде.

Тағы оқыңыздар: Мемлекет басшысы: Жаңа жүйеге көшсек көшейiк, бiрақ қателеспейiк

Мемлекет басшысы қазіргі заманғы әлемдік соғыстар әскери техникамен немесе сарбаздармен емес, соңғы буынды технологияға сүйенген ғаламтор желісімен жүргізілетінін атап өтті. Елбасының пайымынша, қорғаныстық аэроғарыштық өнеркәсібіне ерекше назар аудару керек.

«Саланы дамыту үшін тиісті министрлік құрылды. Қажетті келіссөздер жүргізілуде. Бұл министрліктің жұмысын толыққанды жүргізуге мүмкіндік беретін заң жобасы биыл Парламентке енгізіледі», - деді Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606625-nazarbaev-qazirgi-zamandaghy-alemdik.html