RU

Дариға Назарбаева сенаттағы лауазымды орнын сақтап қалды

Парламент сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева қайта осы қызметке сайланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сондай-ақ, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне Бірғаным Әйтімова, ал қаржы және бюджет комитетіне Ольга Перепечина басшылық ететін болды. 

"Сонымен, алты комитеттің үшеуіне үш әйел жетекшілік ететін болды. Тең жартысы болып отыр, бұл жақсы көрсеткіш", — деді сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы оқыңыздар: Мемлекет басшысы: Жаңа жүйеге көшсек көшейiк, бiрақ қателеспейiк

Отырыста депутаттар конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағалығына бас прокурордың бұрынғы орынбасары Георгий Кимді, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетіне Асқар Бейсенбаевты, аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне Жеңіс Нұрғалиевті сайлады.

Айта кетейік, бүгін алтыншы сайланған парламенттің үшінші сессиясы жұмысын бастады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысын қатысып, бірқатар міндетті айқындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606732-darigha-nazarbaeva-senattaghy-lauazym.html