RU

Жаз бойы жұмысшыларға «маза бермеген» Сапарбаев білім күнінде де мектептерден мін тапты

Ақтөбеде биыл бірнеше мектеп құрылысы қатар жүрді. Жаз бойы Бердібек Сапарбаев құрылыс алаңдарынан шықпай, мердігер компанияларға «маза бермеді». Екі-үш ауысыммен жұмыс істеген құрылысшылар жаңа оқу жылына үлгеруі тиіс болатын.

Білім күнінде Ақтөбе облысында 8 жаңа мектепте алғашқы қоңырау үні естілді. Ақтөбеде үш мектептің және Қандыағаштағы білім ордасының ашылуына қатысқан Сапарбаев мердігер компания басшыларына алғысын жаудырды.

Дегенмен, жаз бойы жасаған ескертулерінің қаншалықты түзетілгенін де тексеріп шықты.

«Біздің мектепті салып жатқан кезде облыс басшысы қайта-қайта келді. Біресе анауы дұрыс емес, біресе, мына жерінде кемшілік бар деп, үнемі ескерту жасап жүрді», — дейді жаңа мектептердің бірі ашылған Кеңес Нокин ауылының шендісі.

Тағы оқыңыздар: "Абу-Даби Плазадағы" жиналыс: Шетелдік азамат "қазақ, үнді" деп бөлінбеуге шақырды

Құрылысшылар да әкім айтқан кемшіліктерді қалпына келтіруге барын жасағандарын жасырмады.

Облыс басшысы көбіне мектептердегі мәжіліс залдарына қатысты ескерту айтып, ауыз су жүйесінің дұрыстығына мән берген.

«Асханада еттартқыш бар ма? Тоңазытқыштың жаңасын алдыңыздар ма? Балалардың тамағы дұрыс болу керек. Тағы не жетпейді?» деген сарында сауалдарды Бердібек Сапарбаев мектептерді аралап жүріп, директорлар мен құрылыс компаниясы басшыларына қойды.

Тағы оқыңыздар: Сәтсіз басталған оқу жылы: Астаналық үш оқушыны Lexus көлігі қағып кетті

Облыс басшысы «Батыс-2» ауданында «Интерстиль» ЖШС салған мектепке көңілі толғанын жасырмады. Дегенмен, жаңа нысанды аралап жүріп, балалар су ішетін қондырғыдан кемшілік тапты.

«Су ішетін кранның айналасын дұрыстау керек, кішкене безендіру жағы кемшін, көздің жауын алар суреттер болу керек», — деді облыс басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606820-zhaz-boyy-zhumysshylargha-maza-bermegen.html