RU

Гүлнара Кәрімованың қызы Лола Кәрімовамен бірге көпшілік алдына шықты (фото)

Гүлнара Кәрімованың қызы Иман ұзақ уақыттан кейін нағашы әпкесі Лоламен бірге халық алдына шықты деп хабарлайды QazaqTimes.kz.

Қамаудағы өзбек ханшайымының қызы Иман Кәрімова Лола Кәрімова-Тилляевамен бірге Ислам Кәрімовтың өмірден озғанына бір жыл толуына орай екінші қыркүйек күні Самарқанд қаласында өткен еске алу шарасында атасының қабіріне гүл шоқтарын қойды.

Тағы оқыңыздар: Ирактағы соғыс аймағында қалып қойған қазақстандықтар елге қайтарылды

Ал Гүлнара Кәрімованың өзі бұл іс-шараға қатыспаған. Шілде айында Өзбекстан бас прокуратурасы таратқан мәлімет бойынша, Гүлнара Кәрімова үй қамағынан түрмеге ауыстырылыпты.

Ол үй қамағына Ислам Кәрімовтың тірі кезінде 2014 жылдың ақпан айында алынған. Ал 2015 жылдың тамыз айында Ташкент облыстық соты оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1606919-gulnara-karimovanynh-qyzy-lola-karimo.html