RU

Халықтың жағдайынан бұрын бас пайдасын ойлаған Атбасар әкімі парамен ұсталды (фото)

Биыл көктемде тасқын судың астында қалған Атбасар әкімі парамен ұсталды. 500-ге жуық үйі топан судың астында қалған аудан әкімі Андрей Никишов өзінің орынбасары Айтқабыл Серкебаевпен бірге төрт миллион теңге алып жатқан жерлерінде ұсталды.

Андрей Никишов пен Айтқабыл Серкебаев өңірдегі су тасқынын пайдаланып, төтенше жағдайдың зардабын жою үшін бөлінген бюджет қаражасын жымқырудың кестесін дайындаған деп айыпталып отыр.

Нақтысы, тасқын кезінде бүлінген әлеуметтік нысандар мен жолдарды жөндеу, өзен арналарын тазалап, бөгеттерді қатайтуға және су астында қалған үйлерді сүру жұмыстарына деп берілген қыруар қаржыны белгілі бір компанияларға беріп, өздері сыйақы алып келген.

Тағы оқыңыздар: Көкшетауда депутаттан зорлық көрдім деген бойжеткен жанайқайын жеткізді

Никишов пен Серкебаев «ИшимСтройИнвест» компаниясы директорынан, сондай-ақ аудандық әкімдіктің тапсырысын орындаған өзге де мердігер компаниялардан ақша алған фактілер табылған. Алынған қаржының жалпы сомасы 10 миллион теңгеге жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607235-khalyqtynh-zhaghdayynan-buryn-bas-paydas.html