RU

Шошқа етінен дайындалған «халал» кәуап жұртты шошытты (фото)

Желіде «халал» деген таңбасы бар ыдыстағы кәуаптың фотосы пайда болды деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Instagram желісінің @zhaest_kz аккаунтында жақында жұртты елең еткізген фото пайда болды. Онда «Шашлык на пикник» деген атау жазылған. Бір қызығы, таңдаулы шошқа етінен жасалынған хош иісті дәмдеуіштері бар бұл астың қорабында «халал» деген таңбаны анық байқауға болады.

Бұл фото өзге де әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Оны көрген желі қолданушылары фотоның фотошоп бағдарламасымен өзгертілгенін айтып, жазба авторын сынның астына алды.

Тағы оқыңыздар: Тағы да жеңіліс: Қазақстан құрамасы Польшадан ұтылып қалды (видео)

Ал кейбірі мұны сұмдыққа балап, бұл тауардың нарыққа шығуына рұқсат бергендерді жазалауды талап етті. Айтпақшы, Instgram желісінде фотоны бөліскен автор кәуаптың қай қалада сатылымға шығарылғаны туралы мәлімет жазбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607276-shoshqa-etinen-dayyndalghan-khalal-kau.html