RU

Қазақстан халқының жалақысы неге құнсызданып жатыр?

Қазақстанда жалақы құнсыздануын жалғастыруда. EnergyProm сарапшыларының мәліметіне сәйкес, осы жылда тұрғындардың сатып алушылық қабілеті тағы екі жарым пайызға түсіп кеткен.  Ал сол арада елде ЖІӨ көлемі өсіп жатыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтардың жалақы мөлшері белсенді түрде құнсыздануын доғарар емес. Құнсыздану үдерісінің үдей түскендігі жаздың басынан-ақ байқалған. Алайда EnergyProm мамандарының сөзіне сенсек, 2017 жылдың алты айында елдегі жалақы 145 мың теңгені құраған. Бұл жаман көрсеткіш емес.

Дегенмен басты азық-түлік пен қызметтерге тариф құны да жоғарылап кеткен болып шықты. Нәтижесінде біздің табысымыз әлдеқайда төмен деңгейде қалып тұр.

"Қазақстан экономикасы бірінші жарты жылдықтың нәтижесі бойынша айтарлықтай өсті – 4%-дан астамға. Алайда Қазақстандағы жалдамалы қызметкерлердің жалақысы мен сатып алушылық қабілеті жоғарыламады.

Жалақы өсімі инфляция өсіміне ілесе алмай жатыр. Яғни, азық-түліктер мен қызметтерге тарифтер жалақыдан әлдеқайда жылдамырақ өсіп жатыр", - дейді EnergyProm сарапшысы Динара Мұқашева.

Тағы оқыңыздар: Ел күткен жаңалық: Қайрат Нұртас жылдар бойы жасырған әйелін қалай таныстырды? (видео)

Кей мамандар бұл ұйғарыммен келіпсей отыр. Экономистер сатып алушылық қабілет төмендеп жатқанына елімізде орташа жалақыны дұрыс есептемеу себеп деген пікірде.

"Орташа жалақы ұғымы - кең ұғым. Бір адамда жалақы миллион болса, енді бірінде 100 мың. Орташа жалақы - 500 мың. Бәрі дұрыс секілді көрінеді. Алайда бір адам миллионға талай зат алса, енді бірі 100 мыңға не сатып ала алады", - дейді экономист Бақытжан Омаров.

Жалақының қысқаруын ең белсенді сезініп жатқандар - ғылыми-техникалық сала қызметкерлері (шамамен 20%).

Ал егер Қазақстанның барлық облыстарын қарастыратын болса, Қазақстандағы жалақы деңгейі айтарлықтай түсіп бара жатқанын байқауға болады.

Жалақы құнсыздануы ең жоғары аймақ мұнайлы аймақ болып шықты: Атырау облысында 11 пайызға дейін. Салыстырып қарайтын болсақ, Қызылорда облысында төрт пайыз, ал Оңтүстік Қазақстан облысында үш пайыз.

Астанада жалақы мөлшері бір жарым пайызға құнсызданған. Ал Алматыда 2,7 пайыз. Тек Ақтөбе облысында жалақы мөлшерінің өсімі байқалады. Оның өзінде тек 0,8%-ға

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607293-qazaqstandyqtardynh-zhalaqasy-nege-qu.html