RU

Жартылай жалаңаш келбетімен танылған алматылық бойжеткенді сүйіктісі сабап тастады (фото)

Instagram желісін белсенді қолданатын Адель Кимді сүйіктісі сабап тастады. Бұл туралы бұрын эротикалық билерімен танылған бойжеткен NewTimes.kz агенттігіне айтып берген.

"Біз түнгі сағат үш шамасында үйлену тойынан келдік. Ол қатты мас еді. Тіпті, есін де білмейді. Мені көрінген жігіттен қызғанып, үйге келген соң сөзбен тиісуін доғармады. Оны сол жерге тастап кету керек еді. Есінен адасқанша ішкені соншалық, өзін қалай ұстау керектігін де білмеді. Қатты айғайлап, маған қол жұмсай бастады", - деп еске алды Адель.

Танымал бизнес-леди атанған Адель жігітінің қазір өкініп жүргенін айтады. Алайда, отбасындағы зорлық-зомбылыққа шыдау мүмкін еместігін сезген ол сүйіктісімен айырылып кеткен.

"Мүмкін ол мені екіқабат кезімде, үйленген соң да ұратын шығар?! Кім біледі? Мұндай бассыздықты болдырмау үшін осы бастан шешіп алуды жөн көрдім", - дейді Адель Ким.

Тағы оқыңыздар: Алматылық таксист бір түнде бірнеше клубқа баратын қазақ қыздарынан жиіркенетінін айтты

"Мен мұрным сынды деп ойлаған жоқпын. Ертесіне демалуым қиындап кетті. Кешке қарай жеке емханалардың біріне барғанымда мұрнымның жабық деңгейде сынғаны анықталды.   Күні бойы мұрнымды түзетумен болды. Шынымды айтсам, бұл мен ауыр болды", - дейді бойжеткен.

Осылайша, сүйіктісінен жәбір көрген тағы бір танымал тұлға өз оқиғасымен бөлісті. Ал Адельдің бұрынғы сүйіктісі болса бұл қылығы үшін кешірім сұрап, қатты өкінетінін айтуда.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607295-zhartylay-zhalanhash-kelbetimen-tanylgha.html