RU

Қазақ журналисі қырылып жатқан мұсылмандарға барып, қолдау көрсетуге бекінді

Танымал қазақ журналисі Бибігүл Дәулетбекқызы Мьянмада қырылып жатқан мұсылмандардың желідегі суреттерін көріп, көз жасын тыя алмады. Қатты көңілі босаған журналист қыз ерікті тілші ретінде оқиға орнына барып, зерттеу жасауға дайын екенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

Мьянма азаматтарының көз жасы. Еркектер әйелдер секілді емес. Олар өліп кетсе де, елдің алдында көз жасын көрсетпейді. Мен еркекпін деген әрбір азамат тек екі нәрсе де ғана жылайды дейді көпті көргендер. Өлімнің алдында және шын махаббатынан айырылғанында. Онда да олар тұншығып, жасырынып көз жасын көрсетпеуге тырысады.

Тағы оқыңыздар: Ел күткен жаңалық: Қайрат Нұртас жылдар бойы жасырған әйелін қалай таныстырды? (видео)

Ал, мына видеода еркектер еңіреп жылағанында, көріп отырған сіз де көз жасыңызды тыя алмайтыныңыз хақ. Бұл еркектер сүйген жарынан, туған бауырынан, әкесі мен анасынан, ұрпағын жалғастырушы баласынан, досынан, ақылшысынан, көршісінен, әріптесінен, Отандастарынан айырылды. Қалайша жыламасқа? Жыламау мүмкін емес. Іштеріндегі қатып қалған шерлерін аңырап, ботадай боздап шығаруда", - деп өзінің толқынысын жеткізді ол.

"Бұл қанды қырғын еркектерді де жылатты. Түркия Президенті Ердоғанның бір топ адамдарын көрген Мьянмадағы мұсылмандар Көктен періште түскендей қуанғаны бір бөлек, бауырына басқан түрік ағайынның құшағында солқылдап жылағаны тас жүректі де ерітіп, соқыр көзден де жас төктіреді.

Тағы оқыңыздар: Түйенің зәрімен емделген алматылық жігіт аяқ асты қайтыс болды

Осы бейнежазбадан кейін Бирмаға журналист ретінде барғым келіп отыр. Егер дәл қазір еріктілерден Түркия елі секілді делегация баратын болса, солармен еріп баруға дайынмын. Анасынан айырылған балақайларды құшағыма алып, аналардың көз жасын сүртіп... бір сөзбен айтқанда сол жақтың бұлыңғыр өмірін өз көзіммен көріп, журналист ретінде мәліметтермен толық ақпар бергім келеді", - деп мәлімдеді ол.

Жазықсыз сәбилердің қырылып жатқан суретін көрген суретіне бейжай қарай алмаған желі қолданушылары да күн санап артып, олар өз қолдауларын #аракан хэштегі арқылы көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607334-qazaq-zhurnalisi-qyrylyp-zhatqan-musyl.html