RU

Шешенстанда бір миллионнан астам адам Мьянмадағы қырғынға қарсы митингке шықты

Шешенстан астанасы Грозныйда мұсылмандарды қолдау мақсатында митинг өтті. Бейбіт шеруге 1,1 миллион адам қатысқан. Бұл туралы Шешенстан ІІМ-ге сілтеме жасап Лента.ру хабарлады.

Ведомстводағылар митингтің ойдағыдай өткенін мәлімдеді. Қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Полицейлердің үстінен де ешкім шағымданбаған.

Акция «Мьянмадағы мұсылмандар геноцидіне жол жоқ» ұранымен өтті. Митинг кезінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та сөз сөйледі.

«Бүгін мен және ондаған елдің миллиондаған тұрғыны әлемдік держава лидерлерінен қантөгісті тез арада тоқтатуды талап етеміз. Кінәлілердің жазаланып, адамдыққа жатпайтын қылмыстың халықаралық деңгейде тергелгенін талап етеміз», - деп мәлімдеді республика басшысы.

Тағы оқыңыздар: Халықтың жағдайынан бұрын бас пайдасын ойлаған Атбасар әкімі парамен ұсталды (фото)

3 қыркүйек күні Мьянманың Мәскеудегі елшілігінің маңына да жүздеген адам жиналды. Олар өз елінде қудалауға ұшыраған мұсылман рохинджаларды қолдау мақсатында митинг ұйымдастырды. Күш құрылымы қызметкерлері бұл жағдайға еш араласқан жоқ, алайда елшілік аумағында күзетті күшейтті.

Айта кетсек, Шешенстанда 1,4 миллион адам тұрады, оның 1,2 миллионы – шешен. Ал астанасы Грозныйдағы тұрғындар саны 300 мыңға жуық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607355-sheshenstanda-bir-millionnan-astam-ada.html