RU

Соңғы демінде жалғыз тілегін айтқан науқас жандар жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Өмірі өлшеулі қалғанын білетін адамдар әдетте соңғы тілегін айтып, бұл дүниемен қош айтысып жатады. NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап соңғы демінде жалғыз тілегін айтқан науқас жандарды назарларыңызға ұсынады.

Ауыр дертке шалдыққан бес жасар қыз ең жақын досымен тойы болғанын қалаған. Ол тойдан кейін бірнеше сағат өткенде тіл тартпай кетті.

Ал мына қыздың соңғы тілегі  Florence and the Machine тобының әнін бір тыңдау еді. Және бұл арманы орындалды.

Тағы оқыңыздар: Жоғары жалақыны армандаған қызылордалық қыздар сексуалды құлдыққа түсе жаздады

Өмірі өлшеулі қалған әке 11 жасар қызының тойына қатысуды қалаған.

Мына әке болса, төрт жасар ұлын оның қазасынан кейін жақсы отбасы асырап алғанын тілепті. Азматтың соңғы тілегін Жаратушы иеміз қабыл етті.

Кейуана өмірінің соңғы сәтінде мұхитты тамашалауға мүмкіндік беруін сұрапты.

Тағы оқыңыздар: Сегіз қырлы, бір сырлы Баян Есентаеваның даусы көпшілікті тәнті етті

Қатерлі дерттен өлім аузында жатқан мына азамат өмірінің соңғы сәтінде әкесінің қолынан ұстауды қалаған.

Ал мына ер адам өмірінің соңғы сәтінде сүйікті жылқысымен қоштасқысы келген екен.

Алты жасар Елена миы қатерлі ісікке шалдыққанын білген сәтте ата-анасына кішігірім хаттар жазып, әр хатты үйдің бір бұрышына тығып отырған. Ол өзінің қазасынан кейін ата-анасы хатты тауып, оқып отырғанын қалапты.

Үйі жоқ азамат дерттен көз жұматынын білгеннен кейін итіне жақсы қожайындар табылғанын өтінген.

Ауыр дертке шалдыққан жеті жасар бала науқас анасын құтқару үшін оған өз бүйрегін ұсынған. Оның соңғы тілегі өзі қаза болса да, анасын құтқарып қалу еді.

Әйел соңғы демінде күйеуімен би билегенді қалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607493-sonhghy-deminde-zhalghyz-tilegin-aytqan-n.html