RU

Орамал таққан егде жастағы әйел автобус ішіндегі жолаушыларды балағаттап тастады (видео)

Facebook желісіндегі парақшалардың бірінде автобус ішіндегі жолаушыларды еш себепсіз балағаттап жүрген егде жастағы әйелдің видеосы пайда болды.

Анықтап қарасаңыз, "аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқан" әйелдің орамал таққанын байқауға болады. Сондай-ақ, ол етек-жеңі ұзын көйлек киіп алған.

Әй-шәй жоқ адамдарды боқтай жөнелген әйел өзін сабырға шақырған жандарды да тыңдамады.

Тағы оқыңыздар: Жоғары жалақыны армандаған қызылордалық қыздар сексуалды құлдыққа түсе жаздады

Автобустағы үлкен кісілердің бірі оған "Құрбан айтта ұят емес пе бұның?", - деп басу айтқан. Дегенмен орамал таққан әйел оның да сөзін құлаққа ілмей, керсінше жекіп тастады.

Видеоны көрген желі қолданушыларының көбісі балағат сөздерді жаудырған кейуананың сырқат екенін алға тартса, енді біреулері "ішіне жын кірген" деп болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607546-oramal-taqqan-egde-zhastaghy-ayel-avtob.html