RU

Жас қыздармен көңіл жарастырған отандық жұлдыздар кімдер?

Еліміздегі танымал жандардың арасында жас қыздармен көңіл қосқан актерлар мен әншілер қатары аз емес. Олар махаббаттың жас талғамайтынын айтуда. NUR.KZ порталы жас қыздармен көңіл жарастырған отандық жұлдыздар топтамасын ұсынады.

Асанәлі Әшімов пен жары Бағдат (жас айырмашылығы - 33 жас)

Екі баласы мен жары өмірден озып, бұл дүниеде өзін жалғыз сезінген Асанәлі өзінен 33 жас кіші келіншекті екінші жары етіп таңдап алды. Ол одан көңіл жұбанышын тауып, өмірінің жалғасы Асанәлі есімді перзент сүйді. Бүгінде Асанәлі Әшімов пен Бағдат бақытты ғұмыр кешуде. Бағдаттың айтуынша, ол жары Асанәлінің құлазыған көңілін жадырату үшін оған тұрмысқа шыққан.

Досхан  Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменова (жас айырмашылығы- 16 жас)

Досхан мен Қарагөздің таныстығы "Диагноз" кино түсірілімі алаңында басталған. Қарагөз онда режиссердің көмекшісі болған. Бүгінде жұбайлар үш бала тәрбиелеп отыр.

Тағы оқыңыздар: Жүйкесі сыр беріп, жындыханаға қаралған жұлдыздар кімдер?

Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дария Жүсіп (жас айырмашылығы- 24 жас)

Тұңғышбай Жаманқұлов Дарияның Өнер Академиясындағы ұстазы болған.  Екеуі алғаш шәкірт пен ұстаз болып араласып, кейіннен өмірдегі серік, өнердегі әріптестер болып кеткен.

Алтынбек Қоразбаев пен Сандуғаш Стамғазиева (жас айырмашылығы - 30 жас)

Еліміздің танымал  композитор Алтынбек  Қоразбаев өзінен 30 жас кіші шәкірті Сандуғашқа үйленеді. Ел арасында Сандуғаш Алтынбектің екінші жары деген сөз бар. Бүгінде Сандуғаш аяулы жар, үлгілі отанасына айналған.

Бауыржан Алибасов пен Виктория Максимова (жас айырмашылығы — 40 жас)

Танымал продюсер өзінің алтыншы әйелі ретінде 25 жастағы қызды таңдапты. Бірақ Баридің бұл таңдауына оның ұлы қарсы болып, 25 жастағы келіншекті "арсыз" деп атады. Бүгінде келіншек Бариға ұл тауып берді.

Қыдырәлі Болманов мен Қарақат Әбілдина (жас айырмашылығы — 14 жас)

Екінші рет отау құрған Қыдырәлі Болманов өзінен 14 жас кіші Қарақатпен шаңырақ көтерген. Бүгінде жұбайлар төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Тағы оқыңыздар: Ақбота Сейітмағамбет: Әркім өз балшығын тазалап алсын

Еркін Нұржанов пен Динара Нұржанова (жас айырмашылығы — 14 жас)

Бірінші жары Аягөзбен айырылысып кеткен Еркін Нұржанов екінші рет өзінен 14 жас кіші қызға үйленді.

Асхат Тарғын мен жары Әлия (жас айырмашылығы — 12 жас)

Асхат оқуын былтыр ғана бітірген 23 жастағы Әлия есімді бойжеткенмен екінші рет шаңырақ көтерді. Асхат тойда ән салып жүріп сүйіктісін сол жерде жолықтырғанын айтуда.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607587-zhas-qyzdarmen-konhil-zharastyrghan-otan.html