Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

49 жастағы транссексуал әлемдегі ең қымбат тәнге ие екенін айтып мақтанды (фото)

Опубликовано:

49 жастағы америкалық транссексуал Аманда Лепор өз тәнін әлемдегі ең қымбат тән деп атайды. Бұған таң қалмасаңыз болады. Себебі, ол бүгінгі кейпіне және жынысын ауыстыруға қол жеткізу үшін пластикалық отаға қыруар қаржы жұмсаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тағы оқыңыздар: "Абу-Даби Плазадағы" елді дүрліктірген қақтығыс шын мәнінде қалай болды?

Аманда Нью-Джерсиде Лепор есімді ұл бала болып дүниеге келген. 11 жасында ол жынысын ауыстыруға құлшыныс білдіреді. 15 жасында пластикалық оташымен кездесіп бастап, сүйіктісі оған мұрнына тегін пластикалық ота жасап береді.

17 жасында Аманда Лепор жынысын өзгерту отасынан өтеді. Ол отаға 10 мың долларын сарп еткен. Лепор ернінен бастап, денесінің барлық дерлік мүшесіне пластикалық ота жасатады.

Әрбір отаға жұмсалған қыруар қаражаттан бөлек Аманда гормоналды дәрілерге тәуелді болып қалған. Ол ай сайын дәрілерге 550 долларын сарп етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1607646-49-zhastaghy-transseksual-alemdegi-enh-qym/

pixel