RU

Алматы көшелеріндегі шұңқырдың біріне ер адам құлап, мерт болды (фото)

Алматыдағы NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне шұңқырға құлап, мерт болған ер адамның мәйітін шығарып алу сәтінен фотоларды жолдады.

"Мен баламды мектепке алып бардым. Қазылған жолдың маңынан өтіп бара жатып, сондағы шұңқырға құлап кеткен ер адамның мәйітін шығарып алып жатқанын көрдім. Бұл шұңқыр дәл Алатау ауданындағы әкімдіктің маңында", - дейді оқырман.

Тағы оқыңыздар: Әлем чемпионының анасы: Төреші Қайратымның қолын көтергенде, көшеге атып шықтым

"Бұл шұңқырды қазып жатқанына бірталай уақыт болды. Осы уақытқа дейін ол қоршалмай тұр. Жергілікті билік жұмыс жүргізгенде неге салғырт қарайды? Мұнда қанша бала жүреді. Менің де балаларым бар. Осы аймақтағы қауіпсіздік техникасына жауаптыны тауып, жазаласын", - дейді әйел.

Алматы ІІД баспасөз хатшысы бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

"Бұл жайт расымен орын алған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеуде. Алдын ала болжам бойынша, адам өлімі жер жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған. Әзірге өзге ақпарат жоқ", - дейді полицияда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607734-almaty-koshelerindegi-shunhqyrdynh-biri.html